Парламент • 26 Қараша, 2016

Дариға Назарбаева халықаралық кездесулер өткізді

5041 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бірқатар халықаралық кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР Парламентінің Сенаты.

Дариға Назарбаева халықаралық кездесулер өткізді

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды қабылдады. Екіжақты қарым-қатынастардың болашағы туралы пікір алмасу шеңберінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Джордж Крол «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында АҚШ конгрессмендерінің Астанаға келуге ниетті екенін жеткізді.


Д.Назарбаева Парламенттің және Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің заң шығарушылық қызметі туралы Елшіні хабардар етті.

Тараптар сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілері және соның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселесін де талқылады.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Гурм бен Саид Аль-Малханмен кездесуі барысында олар Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың Сауд Арабиясына жуырдағы сапары нәтижелері аясындағы екі жақты ынтымақтастықтың болашағы туралы әңгіме болды.

Дипломат сенаторды Қазақстанға 3,4 млн доллар көлемінде медициналық құрылғының қойылғанынан хабардар етті. Сенатор Сауд Арабиясы басшылығына көмегі үшін алғысын білдіре келе, Корольдік біздің елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларға қолдау білдірген алғашқы елдердің бірі болғанын және Қазақстанның әлеуметтік маңызға ие мақсаттарға қол жеткізуі жолында қолдауды жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі генерал-лейтенант Шауль Мофазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудің Астанаға ағымдағы жылдың желтоқсанына жоспарланған ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі қажеттігін атап өтті.

Д.Назарбаева жаһандық қауіпсіздікті нығайту, лаңкестікпен күрес және өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілету тұрғысында екі елдің ұстанымдарының жақындығын атап өтті.