Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Атырауда ауылдасын өлтірген күдікті қамалды

1795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығына таяу орналасқан Дамбы ауылында адам өліміне соқтырған жанжалдың соңы адам өліміне ұласты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 36 жастағы азамат ауылдасына оқ атқан, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда ауылдасын өлтірген күдікті қамалды

"9 тамызда сағат 03:10 шамасында  ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс  қаруын қолданып, салдарынан  2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада   қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтап, 1994 жылғы азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қылмыстық  іске байланысты сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің  99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру)  жүргізіліп жатыр.