Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Алматының шеткі аумақтарында 111 шақырым жаңа жол пайда болады

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифингте Алматы қалалық мобильділік Басқарма басшысының орынбасары Ернұр Абжахан  қаланың жаңадан қосылған учаскелеріндегі жол инфрақұрылымы құрылысы бойынша қала әкімі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Алматының шеткі аумақтарында 111 шақырым жаңа жол пайда болады

"Шеткі аумақтар бойынша 200 шақырым жолдың негізгі бөлігі – бұл шамамен 50%-дан астамына орташа жөндеу жүрігізілді. Ол Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандары. Бұрын қатты жабынды болмаған шағын аудандарда жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған ЖСҚ жүзеге асырылғаннан кейін  шамамен 111 шақырым жол пайда болады", - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар 9 ауданда ЖСҚ әзірлеу аяқталып келеді. Жалпы биылғы жылы ұзындығы 47,4 шақырым болатын Алматы қаласының 177 көшесінде жаңа жолдар салынуда. Оның ішінде ұзындығы 18,6 шақырым болатын 112 көше бойынша жол құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 28,8 шақырым болатын қалған 65 көшенің жолын салуды аяқтау жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымының сапасына қатысты сұрақтар бойынша қала тұрғындары 1308 номері бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауға жүгіне алады, болмаса әлеуметтік желілердегі Алматы қаласының қалалық мобильділік Басқармасының аккаунттарына хабарласуға болады.