Спорт • 11 Тамыз, 2020

«Шахтер» статистиканы өзгерте ала ма?

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін түнде Еуропа лигасының ¼ финалдық ойындары аясында «Шахтер» (Украина) мен «Базель» (Швейцария) өзара мықтыны анықтайды. Аталған кездесуді «Qazsport» телеарнасы (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01:00-де) көрсетеді.  

«Шахтер» статистиканы өзгерте ала ма?

Пандемияға байланысты үзіліске дейін «Шахтер» ұжымы өте сауатты өнер көрсетіп, түзде «Вольфсбург» командасынан 2:1 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан да «кеншілер» 5 тамызда өткен жауапты матчқа фаворит болып саналды. Нәтижесінде португалдық бапкер Каштрудың шәкірттері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бір қызығы, барлық гол ойынның соңғы минуттарында (89, 90+1, 90+3) соғылды. Осы жеңіс арқылы «Шахтер» ұзақ уақыт үзілістен кейін де бабында екенін көрсетті.

«Базель» ұжымы Швейцария чемпионатының алғашқы матчтарын әжептеуір бастағанымен, соңғы бес кездесуде тек бір рет қана жеңіске жетті. Нәтижесінде ішкі біріншілікті үшінші орынмен аяқтады. Ал Еуропа лигасында «Хетафе», «Трабзонспор» және «Краснодар» клубтарымен бір топта сынға түсіп, мінсіз өнер көрсетті. Топтан бірінші орынмен шыққан олар ¼ финалға дейін АПОЭЛ және «Айнтрахт» командаларын да артта қалдырды.

Деректер:
– «Шахтер» бұған дейін швейцариялық командалармен 11 рет кездесіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Үш рет жеңіліс тауып, бір рет тең түскен;
– «Шахтер» мен Швейцария командаларының доп айырмашылығы – 21:14;
– «Шахтер» еурокубоктың плей-офф кезеңдерінде швейцариялық командалардан екі рет басым түсіп, келесі кезеңге өтсе және керісінше екі рет жеңіліп қалған;
– «Шахтер» Чемпиондар лигасы 2008/2009 маусымының топтық кезеңінде өз алаңында «Базель» командасын 5:0 есебімен, түзде 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Интертото кубогы аясында бір рет кездесіп 2:2 есебімен тең түскен (26.06.1996 ж.);
– «Базель» Украинаның «Днепр» ұжымымен Еуропа лигасының 1/16 финалында (2012/13 ж.ж.) сынға түсіп, екеуінде де жеңіске жеткен. (2:0 өз алаңында, 1:1 сырт алаңда).

«Шахтер» – «Базель»

11 тамыз. Гельзенкирхен. «Фельтинс-Арена» стадионы. Сағат 01:00.

Бас төреші – Майкл Оливер (Англия).

Трансляция - «Qazsport»

 

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасының жартылай финалына "Интер" мен "Манчестер Юнайтед" командалары жолдама алған болатын.