Спорт • 11 Тамыз, 2020

Таулант Джака: «Шахтер» – бұл кездесуде фаворит

115 рет көрсетілді

«Базельдің» жартылай қорғаушысы Таулант Джака «Базель» мен «Шахтер» арасындағы кездесуде кімнің фаворит екенін айтты, – деп хабарлады «Советский спорт».

– «Шахтер» мықты команда. Тәжірибелі қорғаушылары бар және олар жинақы ойнап бір-бірін жақсы түсінісе алады. Біз үшін өте қиын қарсылас. Чемпиондар лигасының деңгейіндегі команда. Менің ойымша бұл кездесуде «Шахтер» – фаворит!, – деді Таулан Джака.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Еуропа лигасының ¼ финалдық ойындары аясында «Шахтер» (Украина) мен «Базель» (Швейцария) өзара мықтыны анықтайды. Аталған кездесуді «Qazsport» телеарнасы (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01:00-де) көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:56

Ұқсас жаңалықтар