Спорт • 12 Тамыз, 2020

«Севилья» алтыншы чемпиондығына маңызды қадам жасады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Севилья» клубы Еуропа лигасының жартылай финалына ең соңғы болып жолдама алды, – деп хабарлайды Egemen.kz.

«Севилья» алтыншы чемпиондығына маңызды қадам жасады

Ширек финалда «нервиондықтар» Англияның «Вулверхэмптон» футболшыларынан басым түсті. Дуйсбургте өткен матчтың 88 минутында Окампостың соққан голы «Севильяны» жеңіске жетеледі.

«Севилья» жартылай финалда Манчестер Юнайтед командасымен 18 тамызда кездеседі.

Финалдық ойын 22 тамызда өтеді.

Пандемияға байланысты Еуропа лигасы (2019/2020) маусымының форматы өзгертілді: турнирдің соңғы кезеңі (1/4 финалдан бастап) Германияда өтуде. Жеңімпаз тек бір ғана матчтан анықталады.

 

Ойын статистикасы:

«Вулверхэмптон»«Севилья»

Допты иелік ету – 27% – 73%; соққы – 6:17; дәл соққы – 2:5; бұрыштама – 0:14; офсайд – 0:1; сары қағаз – 2:1; ойыншы алмастыру – 2:3.