Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген үш жүкті әйел ұсталды

1093 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында бір жарым мың мас жүргізуші ұсталды. Ұсталғандардың қатарында үш жүкті әйел де бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген үш жүкті әйел ұсталды

Жыл басынан бері мұнай өңірінің полицейлері 467 мас жүргізушіні, оның ішінде 370-ін облыс орталығында ұстады.

– 46 адам мас күйінде көлік жүргізіп қана қоймай, жүргізуші куәлігі де болған жоқ. Бұл құқық бұзушылықтың қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болғандықтан, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп атап өтті полиция департаментінде.

Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар (төртеуі), үш жүкті әйел, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар.

Мысалы, 15 шілдеге қараған түні Атырау қаласының орталығында тәртіп сақшылары 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Әйел жүктіліктің бесінші айында болды, бірақ бұл оның "Nissan Juke" көлігін басқаруға және өз ісіне баруға кедергі болмады. Кейіннен сот әкімшілік істің материалдарын қарап, оны көлік жүргізу құқығынан айырды.

Бір аптадан кейін, түнде Сәтбаев-Пушкин көшелерінің қиылысында 17 жасар жасөспірім басқарған "Nissan Tiida" маркалы автокөлік тоқтатылды. Жүргізушінің куәлігі болған жоқ, ал сараптама нәтижелері оның мас күйінде көлік тізгінін басқарғаны белгілі болды. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жауапқа тартылды, әкімшілік сот оларға 27 780 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасын ювеналды сот күтіп отыр. Онда ӘҚБтК-нің 442-бабы "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша материалдар жіберілді.

Барлық тәртіп бұзушылар ӘҚБтК-нің 608-бабы "Көлік құралын мас күйінде жүргізушіні басқару" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер осы жылдың қаңтар айынан бастап көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза күшейтілгенін еске салады. Мұндай құқық бұзушыларды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айыру күтіп тұр. Ал қайта құқық бұзушылық болған жағдайда қамауға алу мерзімі 20 тәулікке дейін, ал құқықтан айыру – сегіз жылға дейін ұзартылды.