Қоғам • 12 Тамыз, 2020

Мәжілісмендер еңбекпен қамту мәселесіне баса назар аударуда

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттарының аймақтардағы жұмысы жалғасуда. Қазақстанның түкпір-түкпірінде болып, барлық сала өкілдерімен кездескен депутаттар ең әуелі халықты әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту, жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайына назар аударды. Бұл туралы Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісмендер еңбекпен қамту мәселесіне баса назар аударуда

Мәселен, Ақтөбе облысында болған Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Дания Еспаева және Сергей Симонов салынып жатқан «Южный обход» нысанында болды. Бұл нысан бүгінде 600 ден астам ақтөбеліктерді жұмыспен қамтуға жол ашты. Оның 200 “жұмыспен қамту жол картасы” аясында орналасты. Бұл жол құрлысы қажеттілігі туралы мәселе ерте туындаған. Мердігерлердің айтуынша, құрлысқа қолданылған материалдардың барлығы қазақстандық өнімдер. Оның дені осы аймақта өндірілген.

Мәжіліс депутаттары Елек өзені арқылы өтетін автоөткел нысанында болды. Мердігерлердің айтуынша, көпір құрлысы «Мавр» жүйесі бойынша жүргізіледі. Ал, Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова Қарағанды облысында болып, Қарқаралы ауданында мемлекеттік бағдарлама жайымен танысты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша бүгінде ауданда жалпы сомасы 5 млрд. 88,9. теңгені құрайтын 10 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. “Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша 18 жоба қолға алынуда. Бұл мақсатқа 998 944,0 мың теңге бөлініп, 250 жергілікті тұрғын жұмысқа орналастырылған. Сапар барысында депутат азаматтарды баспанамен қамту жайына да баса назар аударды. Көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған және бюджеттік сала қызметкерлері үшін ауданда 18 пәтерлі, 4 тұрғын үй салынуда. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 203,2 млн теңгеге тұрғын үй салынуда. Ауданда ауылдық аумақтарды жаңғыртуға бағытталған «Ауыл-Ел бесігі» жобасына баса көңіл бөлінген. Осы мақсатта бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыс барысында Г.Бижанова бірқатар медициналық мекемелер мен дәріханаларды аралады.

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттары да қазақстандықтарға белсенді қолдау көрсетті. Депутат Ахмет Мурадов ҚХА өкілдерімен, кәсіпкерлермен және еріктілермен бірге ауруханаларға қажет құралдар жеткізді. Көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік басқа да заттай көмек көрсетілді. Депутаттар аймақтағы жұмыстарын жалғастыра отырып, алдағы уақытта азаматтардың әлеуметтік ахуалын қатаң бақылауда ұстамақ.