Саясат • 12 Тамыз, 2020

Шымкенттен Сенат депутаты болып Айгүл Қапбарова сайланды

1130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау тағайындалған еді. Шымкентте бүгінгі саяси іс-шара барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттен Сенат депутаты болып Айгүл Қапбарова сайланды
Сайлау учаскесінің кіреберісіне карантиндік сақтау шаралары ұйымдастырылды.
Қазір ғана Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, таңдаушылардың 18 дауысын иеленген Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып қайта сайланды.
 
Сайлау комиссиясының хатшысы Болатбек Қыстауовтың айтуынша, 26 депутаттың 25-і сайлауға келіп, дауыс берді. Біреуі денсаулығына байланысты қатыса алған жоқ. Қатысу пайызы 96,1 пайыз.
 
Үшінші мегаполистен үміткерлер саны жалпы үшеу еді. Шымкент қаласының мәслихаты ҚР Сенаты депутаттығына кандидат ретінде Айгүл Қапбарованы ұсынған еді. Жеке кәсіпкер Бектай Орманов пен педагог Толқын Аюбаева өзін-өзі ұсынған.
 
Осылайша бұған дейін Сенат депутаты болған Айгүл Қапбарова кезекті рет сайлауда жеңіске жетті.