Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Жамбыл мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз өкілдеріне онлайн брифинг берді. Әкім өз сөзінде өңірдегі 22 білім беру мекемелерінің құрылысына 10,1 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Олардың қатарында 15 мектеп, 6 қосымша құрылыс және 1 оқушылар сарайы бар, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

Бұл ретте Бердібек Сапарбаев биылғы жылдың соңына дейін 14 нысанды, оның ішінде 8 жаңа жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарланып отырғанын жеткізді. Нәтижесінде облыстағы 3 апатты, 1 үш ауысымды және 3 орын тапшылығы бар мектептер мен ескі мектептердің мәселесі шешіледі. Ал, 2021-2022 жылдары өңірдегі қалған 2 апатты, 8 үш ауысымды және 5 орын тапшылығы бар мектептер мәселесі шешімін табады.


Мәселен бүгінде Тараз қаласындағы жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл білім беру ошағы 1278 оқушыға арналған. Аталған жұмыстың жалпы құны 2,8 миллиард теңгені құрап отыр екен. Сонымен қатар, облыстағы 42 мектепке күрделі жөндеу, 53 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл - ел бесігі" бағдарламалары мен жергілікті бюджет аясында бұл мақсатқа 8 миллиардтан астам теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Тараз қаласында бюджеттен тыс қаражат есебінен Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанның жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрап отыр.

Жамбыл облысы