Президент • 12 Тамыз, 2020

Президент Сауат Мыңбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді

610 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сауат Мыңбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының биыл атқарған жұмысы жайында есеп берді. Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы пандемияның жолаушылар тасымалына әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

«Қарақшылық» қарекеті

Таным • Бүгін, 06:56

Құмырсқалар қалашығы

Оқиға • Бүгін, 06:45

Кәсіпорындардың тиімділігі артады

Технология • Бүгін, 06:33

Абдырамай алға ұмтылғандар

Аймақтар • Бүгін, 06:16

Ел дамуына серпін береді

Пікір • Бүгін, 06:06

Кособуцкийдің қарсыласы кім?

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:00

Шығысқа қар түсті

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар