Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Алкоголь өнімдерін тіркеусіз сатқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Есіл аудандық сотында азаматша К-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Ақмола облыстық Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алкоголь өнімдерін тіркеусіз сатқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Сотта анықталғандай, азаматша К. тиісті органның рұқсатын алмай, тіркеусіз алкоголь өнімдерін сатқаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және куәгерлердің айғақтарынан анықталды. Азаматша К. өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен азаматша К.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.