Сенат депутаттығына үміткерлер тізімінде 3 адам болды. Олардың екеуі - депутаттыққа өзін-өзі ұсынған «Жас Қанат - 2006» ЖШС өндірісті дамыту жөніндегі директоры Александр Коростылев, Рудный балалар үйінің директоры Павел Коваль. Үшіншісі – облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк. Оны Денисов және Б.Майлин аудандық мәслихаттарының депутаттары ұсынған.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 225 дауыс жинаған С.Карплюк жеңіске жетті. Осымен Қостанай облысынан төртінші рет сенаторлыққа әкімнің орынбасары сайланып тұр. Бұған дейін Сенат депутаттығына облыс әкімінің орынбасарлары Евгений Аман, Серік Бектұрғанов, Жеңіс Нұрғалиев сайланған болатын. С.Карплюк күзде Серік Бектұрғановтың орнын ауыстыратын болады.
Қостанай облысы