Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Қостанайда тағы бір провизорлық стационар жабылды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда бүгін темір жол ауруханасының жанынан ашылған тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда тағы бір провизорлық стационар жабылды

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін аталмыш емдеу мекемесінен соңғы 15 науқас айығып шығып, 5 науқас қалалық ауруханаға ауыстырылған. Ал 3 науқас түбіркүлез диспансеріне жатқызылыпты.

Провизорлық стационарда 24-шілде мен 12-тамыз аралығында 116 науқас емделіп шықты. Темір жол ауруханасына таяу күндері тиісті санитарлық тазалау шаралары жүргізілмек. Клиника келесі аптадан бастап  науқастарды қалыпты тәртіпте қабылдай бастайды.

Аймақта бүгінге дейін жалпы саны 370 провизорлық төсек-орын жабылған.

 

Қостанай облысы