Елорда • 13 Тамыз, 2020

Елордалық сәбилердің ең танымал есімдері

1295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық әкім­дігінің хабарлауынша, жыл басынан бері дүниеге келген ұл балалар арасында ең көп тараған есім Рамазан (97) болса, одан кейін Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тіркелген.

Елордалық сәбилердің ең танымал есімдері

Ал қалалық статистика департа­ментінің деректері бойынша Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастаған. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби. Өмір есігін енді ашқан қыз балалар арасында ең танымал Медина (150) есімі болса, үздік бестікке кіретін есімдер: Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105). Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жыл­дың соңғы алты айында 14 123 бала дү­ниеге келген. Қалалық қо­ғам­­дық денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы бас­шысының ана мен бала ден­сау­лы­ғын қорғау жөніндегі орын­баса­ры­ның міндетін атқарушы Татьяна Би­шораеваның айтуынша, елордада егіз­дер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы – 77) және үш үшем (былтыр – 1) дүниеге келген. Күн сайын елордада 60-110 бала өмірге келеді.