23 Қазан, 2013

Балқашта уақытша оқшаулағыш бастығы... оқшаулағышқа отырды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 10-uzolyatorҚарағанды облысының Балқаш қаласындағы ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулағыш бастығы Сұлтан Ибрагимов тәртіпсіздігіне байланысты оқшаулағышқа отырды. Бұл туралы «Криминальные новости» хабарлады.

Балқаш қаласындағы түнгі клубқа барған екі қыздың бірімен бейтаныс азамат танысқысы келген. Оның арақ ішкенін байқаған қыз біржола сөйлесуден бас тартады да, сыртқа құрбысымен бет алады. Ашуға булыққан азамат қыздың ізінен қалмай, оны көшеде соққыға жыққан. Осы істі құқық қорғау қызметкерлері тексеру барысында қызды ұрған уақытша оқшаулағыш бастығы С. Ибрагимов екенін анықтады. Бұл азамат жергілікті жердегі прокуратураға оқиғаға байланысты түсініктеме беруге келген сәтінде, прокурордың аға көмекшісіне де қол жұмсаған екен...

Сот шешімімен С. Ибрагимов уақытша оқшаулағышқа отырды. Енді оған қатысты қылмыстық іс жақын арада қаралады.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар