Медицина • 13 Тамыз, 2020

Елордадағы 27 медициналық ұйымның жоспарлы қызметі қайта жанданды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жаңартылған уақыты, күні көрсетілген медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізбесі  берілген.  Тізбе үнемі жаңартылып отырады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Елордадағы 27 медициналық ұйымның жоспарлы қызметі қайта жанданды

2020 жылдың 1 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, көп бейінді ауруханалар, қалалық ауруханалар (COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып) жолға қоя бастады. Айта кету керек, олардың ішінде жеке клиникалардың саны да жеткілікті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Қордың сайтында (https://fms.kz/ru/content/pg). танысуға болады. Тізім үнемі жаңартылып отырады.

"Коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатыспайтын медициналық ұйымдар жұмысын қайта бастауға мүмкіндік алды. Жоспарлы медициналық көмек көрсету бойынша құрылған жоспар эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырады", –  деп атап өтті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина.

Бәрімізге белгілі, карантиндік шектеулерге байланысты көптеген жоспарлы медициналық қызметтер уақытша тоқтатылған болатын. Енді бұл сала қайта жанданған кезде жоспарлы медициналық көмекті алушылар саны айтарлықтай өседі деп күтілуде. Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жасағаннан кейін медициналық ұйымдарға стационарларды ашуға рұқсат беріледі.