Әлем • 13 Тамыз, 2020

Аргентина мен Мексика бірігіп вакцина шығармақ

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентина президенті Альберто Фернандес Оксфорд университетінде жасалған КВИ-ге қарсы вакцинаны Мексикамен бірлесе шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz REGNUM агенттігіне сілтеме жасап. 

Аргентина мен Мексика бірігіп вакцина шығармақ

Президент Фернандес аргентиналық AstraZeneca мен мексикалық Карлос Слим атындағы қормен біріге Латын Америкасындағы  Бразилиядан басқа мемлекеттерді вакцинамен түгелдей қамтитын іргелі жұмыс жүретінін  хабарлап, оны 150 ден 250 млн-ға дейін шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.

Жобаның коммерциялық еместігін ескерткен президент барлық тәжірибелік жұмыстар аяқталды десімен вакцина шығару басталып, ол 2021 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болады деген.

Аргентинада  пандемия басталғаннан бері 268 574 вирус жұқтыру тіркеліп, 5213 адам SARS-CoV-2 зардабынан дүние салды.