Қазақстан • 13 Тамыз, 2020

Карантинге жатқызылған өнімдерге сертификат беру 10%-ға артты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АШМ мемлекеттік инспекторлары жұмысының ережесіне енгізілген өзгерістер фермерлерге өнімін экспорттау үшін қажетті фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды беру жүйесіне оң әсерін тигізді.

Карантинге жатқызылған өнімдерге сертификат беру 10%-ға артты

2020 жылдың 1 жартыжылдығында қазақстандық фермерлерге республикадан тыс жерлерге экспортталатын өнімдеріне 165 мыңнан астам фитосанитарлық және карантиндік сертификаттар берілді. Бұл, былтырғы жылдың жарты жылымен салыстырғанда  10  % - ға көп.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың көктемінде еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі фермерлер жүктердің жиналуына және көкөністер мен жемістерді экспорттау үшін қажетті құжаттарды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясына шағымданған болатын.

Экспорттық әлеуетті қолдау және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің  шығындарын азайту мақсатында мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді экспорттауға өтінімдер қабылдау бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Аумақтық инспекциялардың штаттық саны басқа өңірлерден инспекторларды іссапарға жіберу есебінен ұлғайтылды. Қажет болған жағдайда барлық аумақтық бөлімшелерге тез бұзылатын өнімге сертификаттар беруді сағат 20:00-ге дейін жүзеге асыру тапсырылды.

Карантиндік сертификатты беру мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін, фитосанитарлық сертификатты 5 күннен 3 күнге дейін қысқарту және тез бұзылатын өнімге фитосанитарлық сертификаттар 3 сағат ішінде дайындалды.