23 Қазан, 2013

Бокс. Әлем чемпионаты. Бүгін – ширек финал (ВИДЕО)

384 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

22-10-13-ilias suleimenov-1

Жүргізуші – Руслан Игілік. Бүгін, 23 қазан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық айқастар болып өтеді. Онда медальдар алатын былғары шеберлерінің аттары анықталады. Бұл сайысқа барлығы 80 боксшы қатысады. Олардың 9-ы Қазақстан құрамасынан шықса, Ресей мен Кубаның әрбірі бұл додаға 7 боксшыдан қосқалы отыр. Ал Италия, Әзербайжан, Үндістан, Ирландия және Өзбекстан елдерінен 5 боксшыдан бар. Әлемдік бокс қауымдастығында ертеден елеулі орны болған АҚШ пен кейінгі жылдары көріне бастаған Қытай командаларынан бұл сайысқа түсетін бірде-бір боксшы қалған жоқ. Бұдан әрі осы есеп-қисапты жалғастырар болсақ, Бразилия мен Германиядан үш-үштен саңлақ бар екенін айтар едік. Осының алдында, 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс медальмен командалық бірінші орынды жеңіп алған Украина боксшылары бұл жолы бар-жоғы 2 боксшымен ширек финалға жетіп отыр. Тап осындай 2 үміткер Алжир, Англия, Хорватия, Венесуэла және Таиланд жасақтарында да бар. Сол сияқты 1 ғана боксшының үстінде үміті тұрған елдердің қатарына Пуэрто-Рико, Коста-Рика, Корея, Түркия, Венгрия, Румыния, Литва, Қырғызстан, Моңғолия, Аргентина, Голландия, Уэльс, Тәжікстан және Армения жатады. Тағы бір мәлімет Бұл чемпионатқа: Соңғы Олимпиялық ойындардың (2012) 1 чемпионы (кубалық Робейси Рамирес), 4 күміс жүлдегері (моңғол Тугцогт Ниямбайяр, ағылшын Фред Эванс, қазақ Әділбек Ниязымбетов, итальян Роберто Каммарелле), 11 қола жүлдегері (ирландтар Патрик Барнес, Майкл Конлан, ресейлік Миша Алоян, кубалықтар Лазаро Альварес, Ясниер Толедо Лопес, литван Эвуальдас Петраускас, итальян Винченцо Мангикапре, моңғол Уранчимег Мункх-Ердене, әзербайжандықтар Теймур Мамедов, Магомедрасул Меджидов, қазақстандық Иван Дычко) келді. Соңғы (2011) әлем чемпионатының 5 чемпионы (ресейлік Миша Алоян, кубалықтар Лазаро Альварес, Хулио де Сезар де ла Крус, бразилиялық Эвертон Лопес, әзербайжандық Магомедрасул Меджидов), 4 күміс жүлдегері (уэльстік Эндрю Сельби, кубалық Ясниер Толедо Лопес, қазақ Әділбек Ниязымбетов, әзербайжан Теймур Мамедов), 11 қола жүлдегері (өзбекстандық Жасурбек Латипов, тәжік Анвар Юнусов, итальяндар Валентино Доменико, Винченцо Мангикапре, белорус Сергей Корнеев, бразилиялық Эскуива Фалькао, румын Богдан Журатони, қытай Ксуанксуан Ванг, неміс Эрик Пфайффер, қазақстандық Иван Дычко) келді. Сол сияқты Соңғы (2011) Еуропа чемпионатының 6 чемпионы (уэльстік Эндрю Сельби, ресейліктер Армен Закарян, Александр Беспутин, Никита Иванов, ирланд Джейсон Куиглей, әзербайжандық Магомедрасул Меджидов), соңғы (2011) Азия чемпионатының 9 чемпионы (қырғыз Азат Үсеналиев, үнді Шива Тапа, қазақтар Берік Әбдірахманов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Антон Пинчук, Иван Дычко, өзбек Ойбек Мамазулунов) келді. Сонымен, қазақстандықтардың бүгінгі қарсыластарын таныстырамыз. Күндізгі сессияда: 49 кг Біржан Жақыпов – Энтони Чакон Ривера (Пуэрто-Рико) 56 кг Қайрат Ерәлиев – Робейси Рамирес (Куба) 64 кг Мерей Ақшалов – Эрмек Сакенов (Қырғызстан) 75 кг Жәнібек Әлімханұлы – Богдан Журатони (Румыния) +91 кг Иван Дычко – Сатиш Кумар (Үндістан) Кешкі сессияда: 52 кг Ілияс Сүлейменов – Эндрю Сельби (Уэльс) 60 кг Берік Әбдірахманов – Луис Диас (Венесуэла) 69 кг Данияр Елеусінов – Винченцо Мангикапре (Италия) 81 кг Әділбек Ниязымбетов – Сумит Сангван (Үндістан) Жігіттерімізге жеңіс тілейміз! {youtube}nUroz_FESzw{/youtube} {youtube}kKsu-oRT7WA{/youtube}
Соңғы жаңалықтар