Қытайдың Хубэй провинциясының тұрғыны 68 жастағы әйел адам COVID-19 індетімен қайтадан ауырып қалған.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ақпан айында ауруға шалдығып, вирустан айығуына айлап уақыты кеткен әйел қайтадан індеттің құрығына ілінген. Елдің орталығында орналасқан провинцияның тұрғыны 9 тамызда тексеріліп, нәтижесінде COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Бұл жағдай ғалымдардың індетпен ауырған адамдардың бойында антидене бірнеше ай ғана сақталады деген тұжырымына сәйкес келіп тұр. Сондықтан бір ауырып тұрдым ғой деп бейғам жүруге болмайды.
* * *
Колумбиядағы індеттің өршуіне қарап Италия үкіметі әуе байланысын белгісіз мерзімге тоқтата тұратыны туралы шешім қабылдаған.
Колумбия денсаулық сақтау министрлігінің Twitter-дегі парақшасында соңғы 24 сағат ішінде 362 пациенттің тынысы тоқтағаны жария болды. Әлемде пандемия патшалық құрғалы бұл елде 422 519 адам COVID-19 вирусын жұқтырып, 13 837 колумбиялық індеттің құрбаны болған. Ал жалпы ел көлемінде 239 785 жан жазылып, 2 023 256 адам тест тапсырыпты.
* * *
Венесуэланың байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес COVID-19 жұқтырғанын Twitter-дегі парақшасында жазды.
Елдің бас ақпаратшысы Хорхе Родригес «Мен COVID-19-бен ауырғаным жайлы диагноз қойылғанын хабарлауға міндеттімін. Жағдайым жақсы болғанымен оқшаулану режімін сақтап, вирусты жеңіп шығуға тиіспін», деп жазыпты.
Шілде айында аталған елдің экономика және мұнай вице-президенті Тарек Эль-Айссами мен ұлттық құрылтай жиынының спикері Диосдадо Кабельо да ауырып тұрған-ды.
* * *
Аргентина президенті Альберто Фернандес Оксфорд университетінде жасалған КВИ-ге қарсы вакцинаны Мексикамен бірлесіп шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы REGNUM агенттігі хабарлады
Президент Альберто Фернандес аргентиналық AstraZeneca мен мексикалық Карлос Слим атындағы қор бірлесіп, Латын Америкасындағы Бразилиядан басқа мемлекеттерді түгел вакцинамен қамтитын іргелі жұмыс жүргізетінін, жобаның коммерциялық емес екенін мәлімдеді. Барлық тәжірибелік жұмыс аяқталысымен вакцина шығару жолға қойылып, 2021 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болмақ.
Аргентинада пандемия басталғаннан бері 268 574 адам вирус жұқтырып, 5213 адам дүние салған.
* * *
Бразилияның денсаулық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде 55 155 адамның ауру жұқтырғанын хабарлаған.
Онсыз да қара жамылып, үш күн аза тұтқан елде осылайша жаманат дерт жамағандардың қатары артып, жалпы індетке шалдыққандардың саны 3 164 785 болды. Бұған дейін COVID-19-дан көз жұмғандар 104 201 болса, енді 1175 адам ажал құшыпты. Дегенмен 2 309 477 науқастың аурудан жазылып шыққаны елдің еңсесін көтеруге сеп болып тұр.
* * *
Италия үкіметі 12 тамызда аймақтар басшыларының қатысуымен кеңес өткізіп, вирустың ықпалын азайту жолдарын қарастырған жобаларды ортаға салды.
Италия денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца Испания, Грекия, Хорватия және Мальтаға барып демалып қайтқан отандастардан әуежай басында тест алу керек екенін ұсынған. Оның айтуынша, экспресс-тест арқылы адамдардың 14 күн оқшаулануы қажет болмайды.
Отырыста пандемияның ел экономикасына тигізген салқыны да сөз болған. Сарапшылар Италиядағы ІЖӨ жыл аяғында 10-15 пайыз деңгейіне дейін құлдырауы мүмкін екенін айтса, ресми билік 8-9 пайызды құрайды деп үміттенеді. Экономиканы ұйыққа батырмау үшін үкіметтік жобаларға 75 млрд еуро қарастырылды, оның біраз бөлігі кредиттік қаражаттан құралған.
Дайындаған
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Биыл қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді?
Қоғам • Бүгін, 10:54
Алматыда троллейбустан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:45
Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Елордада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қалай жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:11
Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады
Видео • Бүгін, 09:45
Шығыс Қазақстанда бір апта ішінде 22 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды
Қаржы • Бүгін, 09:35
Елімізде өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Қазақстан бойынша өткен тәулікте 2016 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Нығматулин: Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді
Қоғам • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 09:12
ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды
Теннис • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:34
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Оқиға • Бүгін, 08:30
Саясат • Бүгін, 08:26
Үкімет • Бүгін, 08:17
Маман даярлаудағы маңызды тетіктер
Қоғам • Бүгін, 08:15
ARASHA отбасындағы агрессорлардан арашалайды
Қоғам • Бүгін, 08:12
Қарағандыда карантин күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 08:09
Үш жүз мыңнан астам адам екпе салдырды
Қоғам • Бүгін, 08:05
Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?
Экономика • Бүгін, 07:59
Күрес • Бүгін, 07:59
Өнер • Бүгін, 07:57
Әлем • Бүгін, 07:56
Қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды
Әлем • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:50
Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:44
20 млрд теңгеге жуық көлік салығы түсті
Экономика • Бүгін, 07:41
Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді
Спорт • Бүгін, 07:39
Тұрлыханов президенттік қызметке қайта сайланды
Оқиға • Бүгін, 07:38
Үшінші бесжылдық: Меже мен міндет
Экономика • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:33
Тарих • Бүгін, 07:31
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Әлем • Бүгін, 07:25
Бокс • Бүгін, 07:25
Павлодарда жағдай күрделене түсті
Коронавирус • Бүгін, 07:21
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Руханият • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар