Бұл бетперде Назарбаев Университет жанындағы технопаркте ультрадыбыстық технология бойынша шығарылады. Өндірушілер маска бактерияның 99,99 пайызын, вирустың 98,89 пайызын жоятынына кепілдік береді. Бұл әлемнің әртүрлі ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының зертханалық зерттеулері нәтижесінде расталған. Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Өндірушілердің айтуынша, бетпердені бір жыл бойы қолдануға болады, жүз рет жуу циклынан кейін де қасиеті жойылмайды. Айта кету керек, пандемия кезінде «Qamqor Tech» компаниясы озық және бірегей технологияны қолдана отырып, жүздеген адамның өмірін құтқару үшін COVID-19 вирусының таралуына қарсы күреске атсалысуға шешім қабылдады.
Израильдік «Sonovia» компаниясының өнімдері Еуропа мен АҚШ нарықтарын қамтиды, компанияның вирусқа қарсы маскалары ТМД және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарында қазақстандық «Qamqor Tech» компаниясының брендімен ұсынылуда.
– Бүгінгі таңда осы жобаға салынған инвестиция көлемі 140 млн теңгеден асады, алдағы уақытта өндірісті жаңғырту, өнім түрлерін көбейту аясында көптеген жұмыстар атқарылады, – дейді компания өкілдері.
Айта кету керек, «SONOMASK» маскаларының ерекшелігі туралы New York Times, Reuters, The Guardian, I24 News, VogueBusiness, The Independent сынды шетелдік беделді басылымдар жазған болатын.
Гуманитарлық көмек аясында «Sonovia» компаниясы пандемияға қарсы күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге қорғаныс маскаларын тапсырды. Бетперделер Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа және №1 қалалық ауруханаға берілді.