Қоғам • 14 Тамыз, 2020

Алиментті өндіріп алуда медиативті келісім қалай жүзеге асады?

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Біржан сал аудандық сотында кәмелет жасқа толмаған балаларына және жұбайын асырауға алимент өндіру туралы азаматтық іс медиацияны қолданумен қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алиментті өндіріп алуда медиативті келісім қалай жүзеге асады?

Сотта азаматша Ж. алименті өндіру туралы талап арызынан бас тартып, дауды медиация рәсімдердің нәтежесінде тараптар келісімге келді және жауапкер балаларды асырауға алимент төлеуге міндеттенді.  

Сот тараптардың арасындағы дауды медиацияны қолданумен келісімді бекітт

Айта кетейік, медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.