Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

17 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайды

1073 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

17 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайды

"Осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынбаған нысандар дүйсенбіден әрі жұмысын жалғастыра береді. Осы нысандардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы қайта жанданады. Егер бұған дейін сауда орталықтарында дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарында бутиктерде де жұмыс істей алады", - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды.

"Сұлулық салондарының, сұлулық орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың барлығына қатаң талаптар қойылады. Бизнес нысандары осы талаптарға сай болуы керек. Талаптар ең алдымен, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңдерінде нысанда адамдардың көп жиналмауына, әлеуметтік қашықтықтың қамтамасыз етілуіне бағытталған", - дейді ол.