Ірі сауда орталықтары карантиннің аяқталуын асыға күтіп жүр. Дайындықтары да жақсы. Кіреберіске қызу өлшейтін құрылғылар, ғимарат ішіне жағалай антисептиктер қойған. Бірақ, қалада жүргізілген рейд кезінде кемшіліктер де анықталыпты.
"Карантин талабы жеңілдесе, сауда үйлерінде адамның көбейетіні бірінші кезеңде-ақ көрінген. Сол кезде 1,5-2 метрлік қашықтық сақталуы қиын болған. Осы мәселе әлі де күрделі", - дейді мамандар.
Мейрамханалар мен дәмханалар, отельдер де қонақ күтуге қамданып жатыр. Бірі даяршыларға арнайы маска кигізсе, бірі клиенттеріне тегін маскалар дайындап қойған.