Тағайындау • 14 Тамыз, 2020

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша, 1998 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша және 2018 жылы Мәскеудегі «МБжҚИ» Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары автокөлік өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындарында, Жезқазған облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен (1998-2003). Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің бөлім басшысы (2003-2006),  «Қазақтелеком» АҚ бас әкімшілік директоры, атқарушы директоры қызметтерін атқарды (2006-2010). Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болды (03.2010-01.2012). Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі болып еңбек етті (01.02.2012-03.2013). Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы болды (20.03.2013-10.2013). Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымын атқарды (02.10.2013, уақытша). ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті (2015). «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ-ның бизнесті қамтамасыз ету бойынша бас директоры-Басқарма мүшесі болды (18.09.2015-2018). «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды (2018-04.2019). Ал осы тағайындауға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.