Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

Елордада адам мәйітін өртейтін крематорий салынбайды

996 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов халық арасында шу болған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Елордада адам мәйітін өртейтін крематорий салынбайды

Құны 1 жарым млрд теңгеге бағаланған нысан крематорий емес, патолого-анатомиялық бюро болып шықты. Дәл осындай  ғимарат елордада бұрыннан бар. Бірақ 1974 жылы салынғандықтан, қазіргі талаптарға сай емес. Тозығы жетіп, әбден ескірген. Сондықтан диагностика жасайтын жаңа медициналық мекеме бой көтереді.