Құжаттарды рәсімдеу форматы да жеңілдетілген. Ол үшін қалаған университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінсе жеткілікті. Өтініш онлайн-режимде және қысқа уақытта қарастырылады. Өйткені, жаңа оқу жылына жарты ай ғана уақыт қалды. Ал шетелде оқитын студенттердің көбі оқу қалай болатыны жайында нақты ақпарат ала алмай отыр.
Осыған байланысты кез-келген сұраққа 74-16-24 нөмірі арқылы жауап алуға болады дейді мамандар. Министрлікте арнайы жедел желі іске қосылды. Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласуға болады.