Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Рудныйда 400 келіден астам есірткі жойылды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласының полицейлері «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының» кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашиш өртеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде мұншалықты ірі көлемдегі есірткі заттары бірінші рет тәркіленіп отыр екен.  

Рудныйда 400 келіден астам есірткі жойылды

Есірткі 28 шілде күні Бегежан ауылының 49 жастағы тұрғынынан тәркіленген. Күдікті 21 қап марихуана мен 2 пакет гашишті Рудный қаласында  өзі жалға алған гаражда сақтаған.

Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабы бойынша сату мақсатында заңсыз есірткі сақтаған деген айып тағылып, тергеу жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнай сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тәркіленген есірткі заттарын ақшаға шақса, 30 млн теңге шамасында болады екен.

Рудный қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Кәкеновтың айтуынша, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға заң бойынша рұқсат етілмейді. Оның қылмыскерге сот үкімі шықпай жатып жойылуының себебі де осы.