Қоғам • 14 Тамыз, 2020

Еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді

158 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

13 тамызда еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында түрлі саланың жас ғалымдары «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын және праймериз туралы ғылыми жұмыстар жасауға дайынекенін мәлімдеді.

Еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді

ZOOM-конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті Индира Рыстина, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова, А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохарургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ракишев, Мемлекеттік саясат жоғары мектебі түлектері қауымдастығының президенті Манасов Жангелді, Ұлттық биотехнология орталығының бөлім меңгерушісі  Мақсат Жабағин, Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова және мүшелері, «Nur Otan» партиясы орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев қатысты.

Аталған жиынды STEM академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәлі жүргізді. Әбутәліп Мүтәлібүгінде жас ғалымдарды қызықтыратын және праймеризге қатысу бойынша бірқатар жиі қойылатын сұрақтарды атап өтті.

Конференция барысында, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының доценті, PhD доктор Индира Рыстина саясаттану мамандығындағы білім алушылар Қазақстанда алғаш рет өткізілетін праймериз туралы ғылыми жұмыстар әзірлеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты. «Праймериз – Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан шара болғандықтан бізге, бұл үрдіс қызықты. Жаңа оқу жылында оқуға түскен магистранттар, диплом жазатын бакалавр студенттері праймеризді кейс ретінде қарастырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде бізге партияның қолдауы керек болады. Сондықтан осы науқанның материалдарымен бөлісіп отырсаңыздар деген өтінішіміз бар», –деді Индира Рыстина. Ол сонымен қатар партиямен бірігіп, «саяси технолог» атты магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламасын құруды ұсынды.

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында қызмет ететін саясаттанушы, әлеуметтанушы ғалымдар жаңа білім беру бағдарламасына араласып, бірлесе жұмыс істеуге және магистранттар мен студеттердің ғылыи жұмыстары үшін материалдар ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ол қатысушыларға праймериздің ережелерін, ерекшеліктерін түсіндіріп берді.«Праймериз мақсаты жергілікті жердегі, ауылдағы, қаладағы проблемаларды нақты білетін және қоғам білетін, танитын лидерлерді анықтау. Бір ерекшелік – мәслихат сайлаулары келер жылы бірінші рет пропорционалдық жүйе бойынша өтеді. Сайлаушылар партиялық тізімге дауыс береді», - деді Е.Қарабалаев.

Конференцияда «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова Болашақ түлектері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен праймеризге белсенді қатысуға ниет танытып отырғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жалпыреспубликалық «Nur Otan» партиясының праймеризі 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында өтеді. Праймериздің негізгі мақсаты партиялық тізімдерді бәсекелестік және ашық негізде қалыптастыру.