Спорт • 14 Тамыз, 2020

Үстел теннисінен Қазақстан ашық біріншілігінің екінші айналымы күзде өтеді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан үстел теннисі федерациясы еліміздің ашық чемпионатын жалғастыруға қатысты жаңа шешім қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үстел теннисінен Қазақстан ашық біріншілігінің екінші айналымы күзде өтеді

Еліміздің ашық чемпионатына қатысатын команда өкілдері кеңейтілген онлайн жиын өткізіп, видеоконференцияда біріншіліктің ары қарайғы тағдыры талқыланды. 

Келісе келе, мамандар Супер және Жоғары лиганың екінші айналымын 15-18 қазан аралығында Қарағандыда өткізетін болып шешті. 

Алайда, коронавирус індетіне байланысты чемпионатын бұрынғыдай төрт айналым емес, екі айналымнан аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 

Айта кетейік, әзірге Шымкент командасы көш бастап келеді.