Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Жолды кеспек болған елік машинаның астына түсті

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыздың 14-не қараған түнінде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында «Skoda Superb» автокөлігі жол үстінде кенеттен пайда болған елікті соғып кетті.

Жолды кеспек болған елік машинаның астына түсті

Жол-көлік оқиғасы 00 сағат 10 минут шамасында Бескөл кенті маңындағы Нұр-СұлтанПетропавл автожолының 44 шақырымында болған. 40 жастағы жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ, тек машинасына зақым келіп, оны эвакуациялау үшін арнайы техника шақыртуға тура келді. Жануар оқиға орнында жан тапсырды. «Осындай жағдай болып тұрады, - дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Ерлан Мадиев. – Жүргізушілерге әсіресе түнгі уақытта жолда қырағылық танытып, жылдамдық режімін сақтау қажеттілігін ескертеміз.Көліктің жарығынан өтіп кетпек болған жануарлар сасқалақтап қалады. Әсіресе, орман маңындағы жолдарда абай болу керек. Мысалы, СҚО-да Тоқшын, Асан, Полудин ауылдарының маңындағы Челябі-Новосібір, Чириковка аулының жанындағы Петропавл-Жезқазған жолдарында сақ болған жөн».

Биыл СҚО-да осындай екі жол-көлік оқиғасы тіркелген. Екі жағдайда да жолда келе жатқан көліктердің алдынан еліктер шыға келген. Сондай-ақ, полицейлер қаңғырып жүрген малдардың да автомобилистер үшін қауіп төндіретінін ескертеді.

Солтүстік Қазақстан облысы