Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

СҚО-да аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полицияның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін өткізді.

СҚО-да аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді

Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсатыесірткімен психотроптық заттардың заңды айналымын бақылау. 5 күн бойы полицейлер медициналық және фармацевтикалық мекемелерде құрамында есірткі құралдары бар препараттарды сақтау, сатыпалу және жою ережелерінің қаншалықты қатаң сақталғанын тексерді. Бұл салада бұзушылықтар анықталған жоқ.

Профилактикалық іс-шара шеңберінде ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері М.Жұмабаевауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Қарақоға» шекара бекетінде аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы фактісін анықтады. 1967 жылы туған РФ азаматы «ToyotaLand Сruiser» автомашинасында 397,35 грамм гашишті шекара арқылы өткізбекші болған. Аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК 286-бабындағы «Контрабанда» бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылғадейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлікті тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта ол есірткілік масаң күйде рөлде отыруына байланысты 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар іс-шара аясында 3 қылмыстыққұқық бұзушылық анықталып, барлығы 538,76 грамм есірткі, оның ішінде гашиш, марихуана және көкнәр сабағы тәркіленді.