Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Терезеден құлап кеткен бала қайтыс болды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше кешке СҚО Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл селосындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен қараусыз қалған 2017 жылы туған сәби құлап, алған жарақаттан қайтыс болды. Ол масаға құрылған торға сүйенген екен. Алайда тор баланың салмағын көтере алмай үзіліп кеткен.

Терезеден құлап кеткен бала қайтыс болды

СҚО-да 2019 жылдан бері көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың 4 рет құлаған жағдайы тіркелді. Үш жағдайда зардап шеккендердің өлімімен аяқталды (2 қыз, 2017 және 2018 жылдары туған және бір ұл, 2017 жылы туған). 2015 жылы болған жағдайда ғана ұл тірі қалды.

Осындай жағдайлар болмас үшін СҚО ТЖ қызметі төмендегіні ескертеді:

егер бала үйде болса, терезені ашық қалдырмау;

үй-жайларды желдету кезінде балаларды қараусыз қалдырмау;
тиісті терезе қорғауынсыз москит торларын пайдаланбаңыз, оларды сенімді тіреу деп есептеп, балалар оған сүйеніп тұрғанды ұнатады;
терезе, балкон немесе шыны есіктер алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;
балалар терезенің жақтауына шығып, төмен құламауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймау және т.б.