Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Тұрмысы төмен 259 ата-ана ювеналдық полицияда есепте тұр

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

СҚО-ның ювеналдық полицейлері жазғы демалыс кезеңінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа оқу жылына дайындалуда. 

Тұрмысы төмен 259 ата-ана ювеналдық полицияда есепте тұр

Пандемия кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмысқа жаңаша қарауға мәжбүрледі. Олар педагогтармен бірге онлайн-дәрістерге, тікелей эфирлерге қатыса отыра, күнде кешке рейд жүргізеді. Оффлайн және онлайн режіміндегі жұмыс тең дәрежеде жүргізіледі: инспекторлар рейдтерден бөлек, әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмысды да қолға алған. Мәселен, Петропавл қаласы Полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жаз бойы бірқатаракция мен іс-шараларды өткізді. Полицейлер қаланың ықшам аудандарын аралап, балалар мен ата-аналарға жазды қауіпсіз өткізу жолдары туралы жадынамаларды таратты; балалар еңбегін пайдалану фактілерін ескерту бойынша рейдтер жүргізіп, балаларға өздерін суда қалай ұстау керектігін түсіндірді, ТЖ қызметкерлерімен бірге жағажайларды тексерді.

«Түнгі қаладағы балалар», «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн», балалардың жолдағы, судағы, кешкі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтержыл басынан облыс бойынша 67 локалды тексеріс және 516 рейд жүргізілді. Іс-шараларға еріктілер мен барлық мүдделі органдардың өкілдері белсенді қатысты, - деп атап өтті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Ювеналдық полиция желісі бойынша жылбасынан 1938 құқық бұзушы анықталып, жауапқа тартылған. Тек облыс орталығында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жүргені үшін 287 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Түрлі бұзушылықтар үшін 109 кәмелетке толмаған, сондай-ақ 160 қолайсыз отбасы есепке қойылды. Қазіргі уақытта СҚО-да полиция есебінде 259 ата-ана тұр, олармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде.