Бүгінде Қостанай облысындағы 265 бастауыш партия ұйымының 49 981 мүшесі бар. Олар праймериз кезінде дауыс беретін 156 орын анықталған. Облыстық және аумақтық филиалдарда праймериз өткізетін ұйымдастыру комитеті мен есеп комиссиясының құрамы да белгілі болды.
Жиын барысында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары үміткерлерді праймеризге қатыстыру тәртібін түсіндірді.
- Праймеризге қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарына көңіл бөлуі тиіс. Праймериз өткізу ережесіне сәйкес, партия тізімінде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, ал жастар 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жастарды басты кадрлық резерв ретінде таниды, - деді Эльдар Күзенбаев.
Естеріңізге сала кетсек, кандидаттарды ұсынужәне тіркеу тамыздың 17-де басталып 28-іне дейін жалғасады. Одан кейін үміткерлердің үгіт жұмыстарына дайындалуына 7 күн беріледі. Ал 7 қыркүйек пен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттар үгіт жұмыстарымен айналысады.