Елорда • 14 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда бос тұрған жерлерге жаңа скверлер мен аулалар салынды

20 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың жаңа аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Кешкілік қаланы аралау барысында Алматы ауданындағы жаңа аулаларды абаттандыру жұмыстарымен таныстым. Қажымұқан көшесі, 15 пен Петров көшесі, 32-де қазір жаңадан салынған тұрғындарға қолайлы аула бар. Бұрын бұл жер бос тұрған еді, енді тұрғындардың күнделікті уақытын өткізетін орнына айналды.

Қала тұрғындарын қабылдау барысында азаматтар Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 17/6 мекен-жайын абаттандыру мәселесін көтерді. Ол жер батпақ болды, ал қазір алаң абаттандырылды. Футбол алаңы мен автотұрақ та бар. Аулалар барлық жастағы азаматтар үшін қолайлы, себебі олар спорт алаңдарымен де, балаларға арналған ойын аумақтарымен де, егде жастағы тұрғындардың демалысына арналған тыныш аймақтармен де қамтылды.

Биыл абаттандырылатын аулалардың тізімі бірнеше критерий бойынша жасалды:

Біріншіден, қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды, онда аула алаңдары ескірген, не мүлдем жоқ. Байқоңыр ауданында 50 аула, Сарыарқада - 40, Алматыда - 33, Есіл ауданында 20 аула абаттандырылады.

Екіншіден. Тұрғындарды қабылдау барысында олар абаттандыру мәселен көтеріп, нақты мекен-жайларды атады. Олар бойынша кесте жасалып, жұмысқа алынды.

Үшіншіден. Аулаішілік емес учаскелердің абаттанбағанын көріп жатамыз. Ол жерлер тынымбақтарға айналады. Биыд 150 ауладан басқа 50 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, тынымбақтар) абаттандырамыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Мал ұрлығы өршіп тұр

Оқиға • Бүгін, 08:01

Басым міндеттер – басты назарда

Аймақтар • Бүгін, 07:56

Алты ақынның алғысы

Руханият • Бүгін, 07:40

Тіл тұтастығы – ел тұтастығы

Руханият • Бүгін, 07:37

Алтын астықты ауылдар

Аймақтар • Бүгін, 07:29

Қарттарға қамқорлық қажет

Аймақтар • Бүгін, 07:19

Балшық сорғыш кемені суға түсірді

Технология • Бүгін, 07:15

Батыл барлаушы

Руханият • Бүгін, 07:01

Ата ерлігі – ұрпағына үлгі

Тарих • Бүгін, 07:00

Жылы жақтағы жалғызым

Әдебиет • Бүгін, 06:52

Экологиялық карта әзірленді

Экология • Бүгін, 06:48

Асарлатып үй салып берді

Қоғам • Бүгін, 06:46

Сөз бен істің бірлігі

Қоғам • Бүгін, 06:29

Рубль бағамы құлдырады

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар