Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Атырауда автобустың жүруіне рұқсат берілді

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 17 тамыздан бастап қалаішілік 13 әлеуметтік маңызы бар маршрутта жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртуға рұқсат беріліп отыр. Қозғалыс жиілігі  10-15 минуттан  85 автобус   сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жолаушы тасымалдайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда автобустың жүруіне рұқсат берілді

«Жолаушылар саны салондағы орындықтар санына сәйкес болуы тиіс. Бетперде, санитарлық, дезинфекция режимі сақталуы керек. Жол жүру ақысы картамен төлеу арқылы жүзеге асырылады. Кондукторлар жолаушылар саны мен отыру ережелерін бақылауы тиіс. Салон жолаушыларға толы болса, автобус аялдамаларға тек жолаушыларды түсіру үшін тоқтайды. Салонға артық адам алмайды.

Егер, санитарлық режим толықтай сақталса, 24 тамызда  қала маңындағы маршруттарда  жолаушы тасымалдау басталады. Қала тұрғындары әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағуы,  антисептикалық құралдарды міндетті түрде қолдануы тиіс»  деп хабарлады Атырау  қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Карантин енгізілгенге дейін Атырау қаласында сегіз автобус паркі  жолаушы тасымалдаған еді.  Автбус паркінде  26 маршрут қатынайтын  160  автобус бар.