Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Атырауда шаруагер алғаш рет інжір өсірді

888 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақша өнімдерінің алуан түрін өсіретін  «Атырау өнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі  Владимир Розметов інжірдің де жерсінетінін дәлелдеді. Бұл өсімдікті Махамбет ауданындағы жылыжайда өсірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда шаруагер алғаш рет інжір өсірді

«Бұдан бірнеше жыл бұрын  жылыжайда лимон өсіре бастаған едік. Қазір лимоннан өнім алып отырмыз. Содан соң тәжірибе жасау мақсатында інжірді  өсіруді қолға алдық. Інжір де біздің өңірге жерсінді. Жақында алғашқы өнімін жинадық. Өзбекстандық ғалымдардың кеңесіне сүйенсек, інжірді тек жылыжайда ғана емес, ашық аспан астындағы алқапта да өсіруге болады. Бірақ, қысқы маусымда оны да жүзім сияқты жауып қою керек», - дейді Владимир Розметов.

Оның пікірінше, жылыжайда өсірілген інжірден 50 келіден астам өнім алуға болады екен. Сол себептен, шаруагер алдағы жылы таңсық өсімдікті 1 гектар алқапта өсіруді жоспарлап отыр.