Қоғам • 16 Тамыз, 2020

Ертеңнен бастап қандай нысандар жұмысын бастайды

2108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріАйжан Есмағамбетова 17 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертеңнен бастап қандай нысандар жұмысын бастайды

"Осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынбаған нысандар дүйсенбіден әрі жұмысын жалғастыра береді. Осы нысандардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы қайта жанданады. Егер бұған дейін сауда орталықтарында дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарында бутиктерде де жұмыс істей алады", - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды.

"Сұлулық салондарының, сұлулық орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың барлығына қатаң талаптар қойылады. Бизнес нысандары осы талаптарға сай болуы керек. Талаптар ең алдымен, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңдерінде нысанда адамдардың көп жиналмауына, әлеуметтік қашықтықтың қамтамасыз етілуіне бағытталған", - дейді ол.