Таяуда орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшиннің қатысуымен онлайн брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында негізінен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы сөз болды.

Рустам Қарағойшин сөз басында «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жүзеге асырып жатқан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының аралық нәтижелеріне тоқталды.
– Қазақстан бизнесі үшін қазіргі кезең өте қиын болып тұр. Коронавирус пандемиясына байланысты мәжбүрлі шектеу шараларынан бизнес тұралап, шығынға ұшырауда. Мұндай жағдайда «Бәйтерек» холдингі шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық береді. Шағын және орта кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар аясында да, өзіміздің бағдарламаларымыз аясында да көптеген қолжетімді құралдарды ұсынамыз. Бұл қолдау құралдарының көбі «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына шоғырланған. «Бизнестің жол картасы» Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама тиімділігін дәлелдеп, қазақстандық кәсіпкерлердің нағыз көмекшісі екенін танытты. 2013 жылдан бері «Даму» қоры бұл бағдарламаны «Бәйтерек» холдингі құрамында жүзеге асыруда, – деді Р.Қарағойшин.
Ол «Бәйтерек» холдингі ең бірінші кезекте қаржыландыру қалалық және ауылдық кәсіпкерлер үшін бірдей қолжетімді болуы керектігін, бұл азаматтарға жаңа бизнесін ашып қана қоймай, бұрынғы кәсібін дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Ондағы мақсат – өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайту. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді көбірек құрып, халықты шағын және орта кәсіпкерлік жұмысымен қамтуды көздейтін холдинг бұл мақсаттарға жоспарға сай қол жеткізіп келеді.
Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қолдау құралдарының ішінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы сұранысқа ие болып отыр. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Даму» қоры 2010 жылдан бері бағдарламаның үш бағыты бойынша 2,8 трлн теңге сомасына 16311 жобаны субсидиялады. Оның ішінде 2018 жылы жалпы кредит сомасы 173 млрд теңгеге – 1 432 жоба, ал 2019 жылы жалпы кредит сомасы 154 млрд теңгеге – 2 402 жоба қолдау тапты. Қолдау көлемі жыл санап ұлғайып келеді.
– Мысалы, «ҮМІТ» томотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені» ЖШС бизнесті мемлекеттің қолдауы нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында Радиотерапия және ядролық медицина емдеу-диагностикалық аурухана кешенін салды. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірегей кешен. Мұнда онкологияға шалдыққан науқастарды томотерапияның жаңа заманауи әдісі бойынша «TomoTherapy HD» жабдығын қолдана отырып емдейді. Осы әдіс арқылы қатерлі ісіктің барлық түрлерін, тіпті қазіргі уақытқа дейін радиосәулелендіру немесе хирургия көмегімен жою қиын болған түрлерін де емдеуге болады. Кешеннің құрылысын аяқтау мақсатында компания басшылығы екінші деңгейдегі банктен жылдық 13,5%-бен қарыз алды, оның 40%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді, кредит мерзімі – 5 жыл. Субсидияланатын жобалардың салалық құрылымында өңдеу өнеркәсібі (жалпы кредит сомасы 1,2 трлн теңгелік 4 444 жоба), көлік және қоймалау (сомасы 413 млрд теңгелік 3 629 жоба) жобалары басым. Көтерме және бөлшек саудадағы 286 млрд теңгелік 2 293 жоба, 144 млрд теңгелік 1 220 ауыл шаруашылығы жобасы бар, – деді Рустам Қарағойшин.
Оның айтуынша, өңірлер арасында Павлодар (жалпы кредит сомасы 190 млрд теңгелік 1 304 жоба) және Шығыс Қазақстан (жалпы кредит сомасы 179 млрд теңгелік 1 261 жоба) облыстары көш бастап тұр. Ақтөбе облысында 154 млрд теңгенің 1212 жобасы осындай қолдауға ие болды.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың сұранысқа ие тағы бір шарасы – «Даму» қоры беретін кепілдік. Кәсіпкер бизнес ашуға немесе кеңейтуге кредит алатын кезде кепілзаты жеткіліксіз болcа, осы кепілдікті пайдалана алады.
– Біздің алдымызда кәсіпкерлер санын арттыру міндеті тұр. Қазір елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ды құрайды, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 35%-ға дейін өсуі тиіс. Біз бес жыл ішінде осындай үлкен серпінді күтудеміз, – деген Рустам Қарағойшин кәсіпкерлерді жеке бизнесін ашу немесе дамыту үшін мемлекеттік қолдауға жүгінуден қорықпауға шақырды.
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:16
«Адырна» журналы жұмысын уақытша тоқтатты
Оқиға • Кеше
Өнер • Кеше
• Кеше
Ұлы дала өркениеті бастау алған байырғы мекен
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Қытай Таяу-Шығыстың гегемонына айнала ма?
Әлем • Кеше
«Б» жоспары дағдарысқа қарсы қалқан бола ала ма?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Big Tech компанияларының қаржылық мәселесі
Бағдарламалар • Кеше
Александр Бублик Барселона турнирін жеңіспен бастады
Спорт • Кеше
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Кино • Кеше
Сайрамда тойхана спорт кешеніне айналды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
Қазақстан • Кеше
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Кеше
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Кеше
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Кеше
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Кеше
Ауа райы • Кеше
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Кеше
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Кеше
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Кеше
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Кеше
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Кеше
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Кеше
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Кеше
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Кеше
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Кеше
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Кеше
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Кеше
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Кеше
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар