Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Түркістандық зейнеткер әмиян ұрлады деген күдікпен ұсталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында полицейлер әмияндар мен банк карточкаларын ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістандық зейнеткер әмиян ұрлады деген күдікпен ұсталды

Мақтарал АПБ-нің кезекші бөліміне базарда сатушы болып жұмыс істейтін Атакент кентінің тұрғыны,  ұрлық туралы арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, жергілікті базарлардың бірінде дүкен сөресінен белгісіз біреулер оның ақшасы мен құжаттары салынған әмиянын ұрлап кеткен.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Әмиянда 12,5 мың теңгеден басқа құжаттар мен банк карточкалары да болған. Оқиға орнына бірден Мақтаарал АПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Ұрлықты ашу мақсатында полицейлер барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Олар қылмыс орны мен бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп, куәгер болуы мүмкін адамдармен сөйлесті.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары Мақтаарал ауданының зейнеткер әйел тұрғынын, яғни күдіктіні ұстаған. Күдікті жедел түрде полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, егде жастағы әйел адам сатушының бірер сәтке бұрылғанын пайдаланып, білдіртпей әмиянын ұрлап, қылмыс орнынан ізін жасырған.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.