Әлем • 17 Тамыз, 2020

Енді Италияда би кештері болмайды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда жастар арасында коронавирустың шамадан тыс өршуіне байланысты, жергілікті билік осындай шешімге келіп отыр, - деп хаарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Енді Италияда би кештері болмайды

Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперансаның айтуынша, ашық ауада және жағалаудан басқа жерлердегі би алаңдары 17 тамыздан 7 қыркүйекке дейін жабық болады. Өйткені, кейінгі кезде мұндай кештерде жастардың арақашықтық сақтамауы мен санитарлық талаптарға бағынбауы жиі байқалған.

Сондай-ақ, Италия үкіметі сағат 9:00 мен 18:00 аралығында тұрғындардың қоғамдық жерлерде, көшеде маска тағып жүруін міндеттеді. Дәмхана мен мейрамханалар алдында адам нөмірі көп болса да бетпердені шешуге тыйым салынған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, осы шаралардан кейін де эпид-ахуал өзгермесе, Италия үкіметі карантин шараларын одан әрі созуы әбден мүмкін.