Елорда • 17 Тамыз, 2020

Елордадағы "Алтын шар" құрылыс алаңында жұмысшылар саны көбейеді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы "Алтын шар" ұзақ мерзімді құрылыс алаңында жұмысшылар саны көбейеді , - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Елордадағы "Алтын шар" құрылыс алаңында жұмысшылар саны көбейеді

"Бүгін, жұмыс күні басталмай тұрып, "Алтын Шар" ұзақ мерзімді құрылысының барысымен таныстым. Құрылыстағы жұмысшылар санын көбейтіп, аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырды. Бұл тұрғын үй кешенінің құрылысын "GLB" үй құрылысы комбинаты аяқтап жатыр. Мемлекет құрылыс зауытының жұмысшылар мен несие берушілер алдындағы қарызын өтеуге көмек көрсетті. Бірқатар күрделі мәселелер шешілді. Осы шаралардың барлығы ұзақ мерзімді "Алтын Шар" құрылысының барысын алға жылжыту және құрылыс жұмыстарын қайта бастау үшін қабылданды", - деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instaram парақшасында.