Әлем • 17 Тамыз, 2020

Жапонияда рекордтық температура тіркелді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сидзуока префектурасының Хамамацу қаласының орталығында термометр бағаны +41,1 градусқа дейін көтерілді. Бұл туралы Egemen.kz Киодо ақпараттық агенттігіне  сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда рекордтық температура тіркелді

Тамыз айында Жапонияда ыстық ауа райы басталады. Токиода қазіргі уақытта температура 35 градусқа жетеді. Синоптиктер алдағы күндері ыстық ауа райы жалғасатынын айтады. Жапонияның жергілікті билігі тұрғындарды жылу соққысы қаупінен қорғануға шақырды.

Жапон метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, дәл осындай жоғары температура Сайтама префектурасының Кумагая қаласында 2018 жылдың 23 шілдесінде тіркелген.

Өткен жылы аптап ыстықтың салдарынан 70 000-нан астам адам ауруханаға түсіп, олардың 126-сы қайтыс болған еді.