Қазақстан • 17 Тамыз, 2020

Премьер-Министрдің орынбасары “Antikor ortalygy” қызметімен танысты

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын іске асыру аясында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы «Antikor ortalygy» сервистік орталығының жұмысымен танысты. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Б. Нұрымбетов, Нұр-Сұлтан қаласыәкімінің орынбасары Б. Мәкен және Агенттіктөрағасы А. Шпекбаев қатысты.

Премьер-Министрдің орынбасары “Antikor ortalygy” қызметімен танысты

Орталықтың қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қоғаммен өзара әрекеттесуіне және халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге арналған алаң ретінде құрылған. Делегация Департамент қызметкерлерінің қабырғалары әйнекті кабинеттеріне барып, мұндай амалдар транспаренттілік пен сенімділіктің қолайлы жағдайын тудыратынына назар аударды.

Қонақтарға негізгі мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау және қоғамдық бақылау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету болып табылатын «Астана – Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар таныстырылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатының жұмсалуын онлайн режимде қоғамдық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы»жобасы ұсынылды.

Департамент қызметкерлері карантин жағдайында халықпен жедел өзара әрекеттесуге мүмкіндік берген «Antikor.Live» тікелей эфирлерімен брифингтері туралы айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етудегі, қоғаммен сындарлы ынтымақтастықтағы жұмысына оң баға берді.

Аталған тәжірибені түрлі ақпараттық алаңдарда кеңінен жариялап, басқа мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу керектігін атап өтті.