Ауа райы • Кеше

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда ақпан айының алғашқы күні аймақтар арасындағы климаттық айырмашылықты айқын көрсетеді. Елдің солтүстігі мен орталығында қыс өз күшінде сақталса, оңтүстік пен батыста ауа райы біртіндеп жылына бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Астана, Павлодар, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында жауын-шашынсыз, бірақ аязды ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы -3…-12 градус шамасында болады, ал түнде аяз күшейіп, -15…-23 градусқа дейін төмендейді. Ал Павлодарда термометр бағаны -23 градусқа дейін түсуі мүмкін.

Қарағанды мен Жезқазғанда ауа райы күндіз -5…-7, түнде -13…-15 градус шамасында болады.

Өскемен мен Семейде жауын-шашын болмайды, алайда кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы -3…-5, түнде -14…-16 градусқа дейін төмендейді. Таңғы және түнгі мезгілде жолдағы көріну қашықтығы нашарлауы ықтимал.

Батыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Орал қаласында қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз -2…-4, түнде -6…-8 градус болады. Атырауда қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін, температура 0…-2, түнде -5 градусқа дейін төмендейді.

Ақтауда елдегі ең жылы ауа райы сақталады: күндіз +5…+7, түнде 0…+2 градус.

Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі. Шымкент пен Түркістанда термометр бағаны күндіз +7…+13, түнде +1…+3 градус дейін жетіп, жаңбыр жауады. 

Таразда түнде қар жауып, күндіз жаңбырға ұласуы мүмкін. Күндіз +6…+8, түнде 0…-2 градус болады.

Алматы, Қонаев және Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Алматыда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +2…+5, түнде -2…-9 градус аралығында болады.

Соңғы жаңалықтар