Коронавирус • 17 Тамыз, 2020

COVID-19: Вирус 2012 жылдан бері бар болуы мүмкін

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа коронавирус 2012 жылдан бері адам ағзасына бейімделген болуы мүмкін дейді вирусолог Джонатан Латэм мен биолог Эллисон Уилсонға сілтеме жасаған The Sun.

COVID-19: Вирус 2012 жылдан бері бар болуы мүмкін

Ғалымдар Юньнань провинциясында екі апта жүзінде жарқанаттардың саңғырығынан шахтаны тазартқан кеншілерді емдеген дәрігер жазбасын оқығаннан кейін осындай тұжырым жасаған. Өйткені кеншілердегі ауру белігілері қазіргі COVID-19-дан айырмасы болмаған. Превмониядан жандары қысылып, құрғақ жөтелге булығып, аяқ-қолдары сырқырап, қатты қызулары көтерілген. Шахтерлер өздігінен дем ала алмай, олардың өкпесі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, ақырында емделуші 6 пациенттің 3-і көз жұмған көрінеді.

Кеншілерден алынған сынамаларды Ухандағы зертханаға жібергенде олардың атипті пневмонияға ұқсас пневмонияға шалдыққаны анықталған. Осыған қарап зерттеушілер КВИ сол кездің өзінде адамдар ағзасына бейімделгені турасында ой айтты.