10 Сәуір, 2010

АЛМАТЫ ТЕАТРЛАРЫ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“Апат айтып келмейтіні рас. 12 наурызда орын алған қайғылы оқиға бәріміздің қабыр­ғамызды қайыстырды. Бұл – бір ауылдың қайғысы емес, бүкіл еліміз үшін қасіретті оқиға дейді оңтүстік астанадағы өнер ұжымдары. Сіздермен бірге жаны жан­шы­лып, көңілі құлазыған дүйім елдің бар екенін ұмытпағай­сыз­дар. Біз, Алматы қаласындағы өнер ұжым­дары, қапыда шейіт болған жан­дар­дың отба­сы­ла­рына, туған-туыстары мен жа­қын-жұра­ғаттарының қасі­ре­тіне ортақтасып, қайғырып көңіл ай­тамыз. Рас, опат болған азамат­тардың ор­нын ешкім, ешнәрсе тол­тыра алмайды, де­генмен, тірі адам тіршілігін жасайды. Қарлы­ғаш­тың қанатымен су сепкендей, біздің өнер адамдары бір күндік еңбекақыларын Қызы­ла­ғаш ауы­лының су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарына ар­налған есеп-шотқа аударып отыр. Ізгі көңілмен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық балалар мен жасөс­пі­рімдер театрының ұжымы  аты­нан: Талғат Теменов – Қазақ­станның халық әртісі, театрдың көркемдік жетекшісі және директоры; М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы атынан Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық әртісі, театрдың көркемдік жетекшісі; М.Лермонтов атын­дағы мемлекеттік орыс драма театрының ұжымы атынан Юрий Якушев – театр дирек­торы; М.Қо­жамияров атындағы рес­публикалық Ұйғыр музыкалық-комедия театрының ұжымы атынан Адильжан Жанбакиев – театр директоры; Н.Сац атын­дағы орыс мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы атынан Надежда Горобец – театр директоры; Респуб­ли­калық корей драма театрының ұжымы атынан Любовь Ни – театр директоры; Республикалық қуыршақ театрының ұжымы атынан Мәдениет Юсупов театр директоры; “Қазақконцерт” бір­лестігінің ұжымы атынан Ал­тынбек Қоразбаев – Қазақ­станның халық әртісі, бірлестік директоры; “Гүлдер” ансамблінің ұжымы атынан Жеңіс Сейдол­ла­ұлы – Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері, ансамбль жетекшісі; Абай атындағы Ұлт­тық опера және балет театрының ұжымы атынан Қуаныш Ораз­ғалиев – театр директоры; Рес­публикалық неміс драма театры­ның ұжымы атынан Ирина Си­монова – театр директоры; Жам­был атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымы атынан Аян Сұлтанғалиев – фи­лармония директоры; Құрман­ғазы атындағы Қазақ мемле­кет­тік академиялық халық аспап­тары оркестрінің ұжымы атынан Еркебұлан Мүсірепов – оркестр директоры.