SARS-CoV-2 Батыс жарты шарды тұтастай шыр айналдырып тұр десе де артық айтқандық емес. Ең алдыңғы орында АҚШ, одан кейінгі Бразилия әлем бойынша вирус шырмауына түскен мемлекеттердің бірінші және екінші баспалдағында дейді РБК.
Бір елде 5,4 млн адамның COVID-19жұқтырғанын көзге елестету қиын болғанымен алпауыт АҚШ КВИ-мен күресін жалғастырумен келеді. Әйтседе аурудан демі үзілгендердің саны жөнінен Нью-Йорк штаты (32 840 адам), Нью-Джерси (15 912 ), ал үшінші көрсеткішке Калифорния штаты шығып (11 234) отыр.
Мамыр айында Вашингтон университетінің Адам өмірінің сапасы мен ұзақтығын зерттейтін институтының директоры доктор Кристофер Мюррей АҚШ-та вирус құрбандары 147 мың адамды құрайтын болады деп болжаған еді. Ал ол болжамнан бүгінгі жағдай асып кетті және де бүгін ертең тоқтай қояды деп бірдеңе айту да қиын.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.